Accessibility links

Киев Қырымға барған француз депутаттарын қырына алды


Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин.
Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин.

Ресми Киев Қырымға барған француз депутаттарын «персона нон грата» деп жариялап, олардың Украина аумағына келуіне тыйым салмақ ниетте. Бұл туралы «Европейская правда» басылымына Украина сыртқы істер министрі Павел Климкин мәлімдеген.

«Толеранттық – бұл маңызды және еуропалық құндылық, бірақ, Украина заңдарын бұзғандарға біздің мемлекетте орын жоқ деп санаймын» деген министр.

Бұған дейін Франция парламентінің қос палатасынан 10 депутат бейсенбі және жұма күндері Қырымға барып, бұл сапарқа қатысты Киевпен алдын ала келіспей, Украина заңдарын бұзғаны туралы ақпарат тараған.

Француз депутаттарының Ресей аннексиялап алған түбекте жергілікті билік басшыларымен кездесіп, Севастопольдегі Қырым соғысы кезінде әскерилер жерленген зиратқа барғаны хабарланған еді.

Франция үкіметінің мүшелері және Ұлттық жиын (парламенті) төрағасы француз депутаттарының Қырымға сапарын қоштамайтынын білдірген, ал Ресейде оны «нышанға» балап, үлкен мән беріп отыр.

XS
SM
MD
LG