Accessibility links

ИМ-нің «Қырғызстан халқына» алғашқы үндеуі жайлы хабарланды


Күдіктілерге қарсы арнайы операция өткен жердегі үйдің орны. Бішкек, 17 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Күдіктілерге қарсы арнайы операция өткен жердегі үйдің орны. Бішкек, 17 шілде 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Қырғызстанда террористік ұйым деп танылған «Ислам мемлекеті» (ИМ) тобы алғаш рет тікелей Қырғызстан халқына арнап насихаттық мақсаттағы видео-үндеуін жариялады деп хабарлайды қырғызстандық Kloop.kg сайты.

Сенбі күні кешке YouTube сайтында «Қырғызстан халқына үндеу» деген атпен жариялаған 9 минуттық видео-үндеуде қырғыз тілінде сөйлейтін белгісіз ер адам қырғызстандықтарды «Ислам мемлекеті жеріне қоныс аударуға» шақырған. Арада алты сағат өткенде YouTube әкімшілігі ИМ тобының әлгі видеосын сайттан алып тастаған.

Қырғызстан ресми орындары әзірше бұл видеоға қатысты ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Бұл видео шығардан бір аптадан астам уақыт бұрын Қырғызстан қауіпсіздік күштері елдің солтүстігінде «Ислам мемлекеті» тобына қатысы бар деген күдікке ілінгендерге қарсы бірнеше операция жүргізіп, сегіз күдіктінің көзі жойылғаны туралы хабарлаған. Қырғыз арнайы қызметі күдікті топтың «елдің солтүстігіндегі Ресей жалға алған Қант әскери базасында және Бішкекте айт намазы кезінде жарылыстар жасауды жоспарлағанын» айтқан.

XS
SM
MD
LG