Accessibility links

Киевте ресейлік саяси эмигранттар шеру өткізді


Ресейдегі саяси тұтқындарға қолдау акциясы кезінде Ресей елшілігі қоршауына ілінген баннер. Киев, 26 шілде 2015 жыл.

Ресейдегі саяси тұтқындарға қолдау акциясы кезінде Ресей елшілігі қоршауына ілінген баннер. Киев, 26 шілде 2015 жыл.

Бүгін Киевтегі Ресей елшілігі алдында ресейлік саяси тұтқындарды қолдау акциясы өткен. Азаттықтың Орыс қызметінің хабарлауынша, шараға Украина жағында шайқасып жүрген ресейлік еріктілер, саяси эмигранттар мен Ресейден келген белсенділер (арасында ұлтшылдарды жақтайтындар да бар) – барлығы қырық шақты адам қатысқан.

Акцияға қатысушылар шараға «Путинге – Магаданы, Ресейге – орыс Майданы», «Тұтқындағы сепаратистерді орыс ұлтшылдарына айырбастаймыз», «Бүгін – Украина, ертең – Русь пен күллі Еуропа» деген жазулары бар баннерлер алып шыққан.

Митинг басталар алдында бет-жүзін жауып, нацистік ұрандар айтып, алау ұстаған жастар тобы Ресей елшілігі алдына келіп, свастикасы бар жалау мен Ресей түрмесінде отырған бірнеше әсіре-ұлтшылдың фотоларын көтеріп тұрған. Суреттердің арасында шілденің 24-і күні Ресей соты «Орыс ұлтшылдары әскери ұйымының» жетекшісі ретінде өмірлік түрме жазасына кескен Илья Горячевтің бейнесі де бар.

Бірақ акция өткізушілер бұл топтың арандатушылар екенін айтып, олардың жолын кескен. Митингке қатысушылардың бірі «ол саяси тұтқын емес» деп, Горячевтің суреті бар плакатты жартып тастаған.

XS
SM
MD
LG