Accessibility links

Нигерияда базарда болған жарылыстан 11 адам өлген


Нигерия қауіпсіздік күштері теракт болған жерде жүр. Кано, 24 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Нигерия қауіпсіздік күштері теракт болған жерде жүр. Кано, 24 ақпан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Нигерияның солтүстік-шығысындағы Даматуру қаласында базарда бүгін болған жарылыс салдарынан кемінде 11 адам мерт болып, ондаған адам жараланған деп хабарлайды Reuters.

Куәгерлердің айтуынша, адам толы базарға келген әйел өзін өзі жарып жіберген.

Әзірге бұл шабуылға қатысты жауапкершілікті ешкім мойнына алған жоқ. Бұдан бірнеше күн бұрын Даматуруда бақылау бекеті жанында автокөлікке орнатылған бомба жарылысынан алты адам опат болған еді.

Соңғы алты жыл бойы Нигерияның солтүстік-шығыс аймағында «Боко харам» радикалдық тобының экстремистері жасаған бірнеше рет шабуылдан көп адам қаза тапқан.

XS
SM
MD
LG