Accessibility links

Анкара: Түркияның шабуылы аймақтағы жағдайға әсер етеді


Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу.

Түркия премьер-министрі Ахмет Давутоглу Түркия әскери-әуе күштерінің Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы содырлары мен Ирактың солтүстігіндегі Күд жұмысшы партиясы қарулы топтарына шабуылдары "аймақтағы оқиғалар барысын өзгертуі мүмкін" деп мәлімдеді.

Түркиялық Hurriyet басылымының хабарлауынша, Давутоглу "Түркияның араласуы Сирия, Ирак және жалпы аймақтағы оқиғалардың даму барысына ықпал ете алатынын" айтып, "осыған байланысты басқа елдердің ұстанымын айқындауы қажет екенін" білдірген. Давутоглу бұған қоса Анкараның Сирияға құрлықтағы әскерін жөнелтуге ниетті емесін білдірген. Ол Түркия мен АҚШ Сирияда ИМ жағында соғысып жүрген содырларды "басу үшін" әуе шабуылын жасауға келіскенін айтқан.

Соңғы бірнеше күнде Түркия әскери-әуе күштері Ирактың солтүстігіндегі Түркиямен шекарада орналасқан Күрд жұмысшы партиясының лагерлеріне бірнеше рет соққы жасады. Бұған дейін күрд жасақтары Түркияның оңтүстік-шығысында екі түрік әскериін өлтіріп, төртеуін жаралағаны хабарланған.

XS
SM
MD
LG