Accessibility links

Ауғанстанда үйлену тойындағы атыста 20 адам мерт болды


Ауғанстан полициясы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстан полициясы. (Көрнекі сурет).

Ауғанстанның солтүстігіндегі Бағлан уәлаятында үйлену тойы кезінде болған атыстан 20 адам қаза тауып, он шақты адам жараланды. Уәлаят губернаторы Джавид Башараттың хабарлауынша, 26 шілде күні кешке Андараб ауданындағы жер үйде жергілікті дін қызметкері ұлының үйлену тойы кезінде қарулы екі топ оқ атқан. Полиция құрбандардың көпшілігі қонақтар екенін айтады.

Аудан полициясы басшысы Гүлістан Касанидің сөзінше, атысқа екі топ арасындағы тартыс себеп болған. Ол атыс алдында "үйлен тойда жергілікті полиция басшысының туысына қастандық жасалғанын" айтады.

Ауғанстанда "Талибанмен" күрес көп жағдайда қылмыстық әрекетті жасыру немесе жеке есеп айырысу үшін де қолданылады.

XS
SM
MD
LG