Accessibility links

Қырғыз арнайы қызметі: Сирияға елден 350 адам кеткен


"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы туын ұстаған содыр. (Көрнекі сурет).

"Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы туын ұстаған содыр. (Көрнекі сурет).

Қырғызстаннан Сириядағы соғысқа 350-ден астам адам кеткен деп хабарлады Қырғызстан Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетіне сілтеме жасаған Азаттықтың Қырғыз қызметі. Арнайы қызметтің дерегінше, кеткендердің 80-ге жуығы - әйелдер.

Маусым айының ортасында Қырғызстан қорғаныс кеңесі хатшылығының өкілі Рыспек Абдысаттаров Орталық Азиядағы қауіпсіздік мәселесіне арналған дөңгелек үстелде Сирияға кеткен қырғызстандықтар саны мыңнан асуы мүмкін деген.

Өткен айда АҚШ терроризммен күрес орталығы "Ислам мемлекеті" радикалды ұйымы қатарына Қырғызстан мен Тәжікстаннан жүздеген адамды, Қазақстаннан мыңнан астам адамды тартқан деген мәлімет келтірген.

Қазақстан билігі Сирия мен Ирактағы содырларға қосылған азаматтар саны бірнеше жүз екенін айтады.Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасы Нұртай Әбіқаев 29 маусымда Сирия мен Ирактағы қарулы қақтығыстарға 150-ден астам қазақстандық қатысып жүргенін, олармен бірге 200-ден астам әйел мен бала да ілесе барғанын мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG