Accessibility links

ТЖК: Алматыға Ұлттық гвардияның 300 қызметкері жіберілді


Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.
Қарағайлы елді мекенінде болған су тасқыны. Алматы. 23 шілде, 2015 жыл.

Алматыға сел салдарын жою үшін Ұлттық гвардияның 300-ге тарта қызметкері жөнелтілді деп хабарлады ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінің (ТЖК) баспасөз қызметі.

"Сел салдарын жою шараларына қосымша ішкі істер министрлігі Ұлттық гвардиясының Алматы мен Қарағанды облыстарындағы азаматтық қорғаныс полктерінен жалпы саны 270 адам және инженерлік техника жұмылдырылады" делінген хабарламада.

Алматының Наурызбай ауданы аумағында 23 шілде күні түнде сел жүрген. Төтенше оқиғадан мыңнан астам адам эвакуацияланды. Адам қазасы туралы ақпарат жоқ. ТЖК дерегінше, селден 450-ден астам үй зардап шеккен. Бұған дейін ресми орындар қалпына келтіру жұмыстарына шамамен екі мыңға тарта адам, оның ішінде 260-қа жуық әскери жұмылдырылғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG