Accessibility links

Бакуде Лейла және Ариф Юнустың соты басталды


Ариф Юнус (сол жақта) пен оның әйелі Лейла Юнус.

Ариф Юнус (сол жақта) пен оның әйелі Лейла Юнус.

Бакуде құқық қорғаушы белсенділер, ерлі-зайыпты Лейла мен Ариф Юнустың соты басталды. Оларға мемлекетке сатқындық жасады, ірі көлемде экономикалық алаяқтықпен айналысты және салықтан жалтарды деген айыптар тағылған.

Кейбір ақпарат бойынша, сот залына тек үкіметшіл APA ақпарат агенттігінің журналистері мен virtualaz.org сайтының тілшілері ғана кіргізілген. Басқа БАҚ журналистері мен шетелдік дипломатиялық миссия өкілдері сотқа жіберілмеген.

59 жастағы Лейла Юнус пен оның күйеуі, 60 жастағы Ариф Юнус Әзербайжандағы басқа да белсенділер мен билікті сынаушылар сияқты түрмеге жабылған. Құқық қорғау ұйымдарының айтуынша, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің саясаты елдегі өзгеше ойлайтындарды "басып-жаныштауға құрылған".

Бакудегі тіркелмеген Бейбітшілік және Демократия институты директоры сыйлығының лауреаты Лейла Юнус армян құқық қорғаушыларымен тікелей диалог орнатуымен танылған. Кавказдағы қақтығысты зерттеуші әрі тарихшы Ариф Юнус 1990 жылдардың басында Әзербайжанмен соғыста Армения сепаратистері басып алған Таулы Қарабах өңіріндегі қақтығысты зерттеген.

XS
SM
MD
LG