Accessibility links

АҚШ: Қазақстанда ішкі адам саудасы өзекті мәселе


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Қазақстанда ішкі адам саудасы мәселесі өзекті және Қазақстан үкіметі адам саудасымен күрестегі ең қарапайым талаптарды толық орындамай отыр делінген АҚШ мемлекеттік департаментінің бүгін жариялаған есебінде.

Жыл сайын жариялайтын Әлем елдеріндегі адам саудасы туралы есебінде мемлекеттік департамент Қазақстан жыныстық қанау мен мәжбүрлі еңбекке тап болған ерлер мен әйелдер, балалар тұрақтайтын мемлекет, кей жағдайда солар үшін транзиттік ел болып отырғанын айтады.

Баяндамада қазақстандықтардың көпшілігі Астана, Алматы, Атырау және Ақтау сияқты экономикалық дамып жатқан қалаларға жұмыс іздеп барып, кейбірі "мәжбүрлі еңбек пен жыныстық қанауға тап болатыны" айтылады. "Қытайлықтар, қазақстандықтар мен орта азиялық басқа да азаматтар, әсіресе Өзбекстан азаматтары үй шаруасында, құрылыс пен ауыл шаруашылығы саласында күштеп жұмысқа салынады. Кейбір балалар қайыр сұрауға мәжбүр болып, кейбірі тіпті қылмыстық әрекеттер мен порнографиялық қызметке де салынуға мәжбүрленеді" делінген мемлекеттік департамент баяндамасында.

"Қазақстан үкіметі адам саудасын жоюдағы ең қарапайым талаптарды толық орындамай отыр. Бірақ билік соған қарамастан ол талаптарды орындауға талпыныс байқатады. Үкімет адам саудасымен күресуге ынталы екенін заңдарды жетілдіру, адам саудасына қатысты күдікке ілінген полицейлерді тергеу мен қудалау арқылы білдіріп отыр" дейді мемлекеттік департамент.

Баяндамада 188 мемлекеттегі адам саудасының жайы баяндалған. Биылғы есепте Өзбекстанның көрсеткіші сәл жақсарып "адам саудасы жай-күйі ең нашар елдер" тізімінде бір саты жоғарылаған. Беларусь тізімде бір саты төмен түскен.

XS
SM
MD
LG