Accessibility links

Ереванда қарсылық шарасы қайта жалғасты


Ереван көшелеріндегі қарсылық. 1 шілде 2015 жыл.
Ереван көшелеріндегі қарсылық. 1 шілде 2015 жыл.

Электр энергиясы тарифының қымбаттауына байланысты онға жуық адам Ереванда жиналып, қарсылық шарасы ұйымдастырды.

Құқық қорғау органдары қаланың орталық алаңын қоршап, қарсылық білдірушілерді аймаққа өткізбеуге тырысты.

Бұған дейін "Вставай, Армения" белсенділер тобы үкіметтің 1 тамыздан бастап электр энергиясының 16 пайызға қымбаттату шешіміне қарсы шығып, қаланың негізгі көшелерін жауып тастаған.

Қарсылық шарасына қатысқан көптеген топ үкіметтен жарық бағасының қымбаттауына субсидия салу туралы уәделерін алған соң манифестацияларды тоқтатқан. Бірақ кей топ өз қарсылықтарын тоқтатпай, жарық бағасының қымбаттауын толық жойып, халыққты күшпен таратқан олицейлерді жазалауды талап етіп жатыр. ​

XS
SM
MD
LG