Accessibility links

Серік Ахметов ісі соты жалғасты


Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, экс-қорғаныс министрі Серік Ахметов сотта жауап беріп тұр. Қарағанды. 28 шілде, 2015 жыл.
Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі, экс-қорғаныс министрі Серік Ахметов сотта жауап беріп тұр. Қарағанды. 28 шілде, 2015 жыл.

Қарағанды облыстық мамандандырылған ауданаралық сотында бұрынғы премьер-министр Серік Ахметов, облыс пен қала әкімдігінің 21 қызметкеріне қатысты сот қайта жалғасты.

Азаттық тілшісінің мәлімдеуінше, сот процесі 21 айыпталушының анкеталық мәліметтері мен олардың кәмелетке толмаған балалары туралы ақпаратты тексеруден басталған. Айыпталушылардың бірі сотқа кішкентай баламен келген.

Бірнеше шенеуніктің адвокаттары "қылмыс құрамы жоқ" екенін айтып, қылмыстық істі тоқтатуды, кей адвокаттар іспен танысу үшін судьядан уақыт сұраған.

Серік Ахметов пен 21 шенеуніктің ісіне қатысты алғашқы тыңдау 27 шілдеде басталған.

Экс премьер-министр Серік Ахметов 2014 жылдың қараша айынан бері үйқамақта отыр. Қарағанды облысының бұрынғы әкімі Бауыржан Әбдішев пен Қарағанды қаласының экс әкімі Мейрам Смағұлов өткен жылдың күзінде қамауға алынған. Оларға қызметін асыра пайдаланды, бюджет ақшасын заңсыз пайдаланды деген айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG