Accessibility links

Астанада көкөнісінде тышқан жүрген супермаркетке айып салынды


Астанадағы "Аружан" сауда үйіндегі Green супермаркетінде өрік жәшіктегі өрік арасында жүрген тышқан. Астана, 18 шілде 2015 жыл.

Астанадағы "Аружан" сауда үйіндегі Green супермаркетінде өрік жәшіктегі өрік арасында жүрген тышқан. Астана, 18 шілде 2015 жыл.

Астанадағы сатылымдағы өрік жәшіктерінде тышқан жүрген супермаркетке 240 мың теңге көлемінде (шамамен 1200 АҚШ доллары) айыппұл салынды деп хабарлайды 24.kz мемлекеттік телеарнасы.

Бұған дейін Азаттық тілшісі Green супермаркеттінің көкөніс бөліміндегі өрік жәшіктерінде тышқан жүргенін суретке түсіріп алып, ол қаладағы санитарлық қызмет назарын аудартқан еді.

Астана қалалық тұтынушылар құқығын қорғау департаментінде бөлім бастығы міндетін атқарушы Елена Такамбаеваның телеранаға хабарлауынша, супермаркет басшылығы көкөністе тышқанның жүруін дезинфекция жасау туралы келісім-шарт жасасқан мекеменің сапасыз жұмыс істеуінен көрген.

Азаттық тілшісі түсіріп алып, Facebook-ке жариялаған өрік жәшігінде тышқан жүрген суреті әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырған.

XS
SM
MD
LG