Accessibility links

Швеция "Ресей сүңгуір қайығын" тапқанын табылды


Швецияның Ocean X Team компаниясы Стокгольм маңындағы теңізден тапқан шетелдік сүңгуір қайық суреті.
Швецияның Ocean X Team компаниясы Стокгольм маңындағы теңізден тапқан шетелдік сүңгуір қайық суреті.

Швециялық сүңгуірлер Швецияның территориялық суларынан "ресейлік шағын сүңгуір қайығын" тапқанын хабарлады.

Өткен жылы қазан айында Швеция әскерилері Стокгольмге жақын теңізде шетелдік сүңгуір қайықтың дабыл белгісін тіркеп, сүңгуір қайықты іздеу операциясын жүргізген. Ол кезде дабылды Калининградтағы әскери-теңіз базасына ресейлік сүңгуір қайық жіберген болуы мүмкін деген болжам айтылған.

"Біздің мамандар әлі қорытынды шешімін әлі жариялаған жоқ әрі олар сүңгуірге қатысты тағы да біраз суреттер түсіргісі келеді" деді Швеция қарулы күштерінің өкілі Андерс Каллин.

Сүңгуір қайықты іздестіру жұмысын жүргізген Ocean X Team компаниясының сүңгуірі Стефан Хоугборн қайыққа "мүлдем ешкім тимегенін" және "сырттай қарағанда еш жері зақымданбағанын" әрі люктері жабық тұрғанын айтады.

"Сүңгуір қайықтың қай жылы жасалғаны және теңіз түбінде қашаннан жатқаны белгісіз. Бірақ корпусындағы кириллицамен жазылған жазулар оның Ресейдікі екенін көрсетеді" дейді Стефан Хоугборн.

Компаниядан сүңгуір қайық суреттенін сатып алған швейциялық Expressen басылымының хабарлауынша, сүңгуір қайық орталық Швецияның шығыс жағалауынан 1,5 миль қашықтықта табылған.

Ocean X Team компаниясы қайықтың ұзындығы 20, ені 3,5 метр екенін айтады.

XS
SM
MD
LG