Accessibility links

Бахрейнде шабуылдан екі полицей мерт болды


Демонстрация кезіндегі Бахрейн полиция жасағы. (Көрнекі сурет).
Демонстрация кезіндегі Бахрейн полиция жасағы. (Көрнекі сурет).

Бахрейн билігі елдің шииттер басым тұратын аймағында террорлық шабуылдан екі полицей қаза тауып, алтауы жараланғанын хабарлады.

Шабуыл 28 шілде күні ел астанасы Манаманың оңтүстігіндегі шағын аралдағы Ситра ауданында болған. Ситрада шиит дмонстранттар мен сүнниттік биліктің қауіпсіздік күштері жиі қақтығысқан.

25 шілдеде Бахрейн билігі "Иранмен байланысы бар" екі бахрейндіктің контрабандалық жолмен қару-жарақ пен жарылғыш заттарды тасымалдауының жолын кескенін хабарлаған.

Иран сыртқы істер министрлігі Бахрейннің Иранға қатысты айыбын "негізсіз" деп жоққа шығарды.

Сүнниттік азшылық басқаратын Бахрейн үкіметі Иранды елде көпшілікті құрайтын шииттер арасында тәртіпсіздік тудырып отыр деп айыптайды.​

XS
SM
MD
LG