Accessibility links

Ердоған: Күрдтермен бітімді жалғастыру мүмкін емес


Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған бүгін күрд көтерілісшілері елдің "бірлігі мен тұтастығына нұқсан келтіріп отырғанын" айтып, осыған байланысты олармен бітім процесін "жалғастыру мүмкін емес" деп мәлімдеді.

Ердоған бұл мәлімдемесін тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы Түркия әскери-әуе күштерінің партия лагерлеріне соққы жасауына байланысты Анкарамен бітімді тоқтататынын жариялағаннан кейін жасады. Бүгін Ердоғаннан бірнеше сағат бұрын Түркия энергетика министрі Танер Йылдыз күрд көтерілісшілерін Анкара мен Иранның Тебриз қаласын жалғайтын газ құбырын жарды деп айыптаған. Газ құбыры бүгін түнде Иран шекарасынан 15 километр қашықтықтағы Агри провинциясында болған жарылыстан зақымданған.

Өткен аптада Түркия әскери-әуе күштері "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының Сириядағы нысандарына соққы беріп, қауіпсіздік орындары Түркиядағы күрд демонстранттарына қарсы рейдтер жүргізген.

XS
SM
MD
LG