Accessibility links

Ливия соты Каддафи ұлына сырттай өлім жазасын кесті


Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам (сол жақта) мен Ливияның бұрынғы барлау қызметі басшысы Абдулла әл-Сенусси.

Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Ислам (сол жақта) мен Ливияның бұрынғы барлау қызметі басшысы Абдулла әл-Сенусси.

Ливия соты 28 шілдеде бұрынғы президент Муаммар Каддафидің ұлы Саиф әл-Исламды сырттай әскери қылмыс жасады және 2011 жылғы халық толқулары кезінде бейбіт шеруді басып жаншуға қатысы бар деп айыптап, өлім жазасына кесті. Сот шешімі Триполиде оның қатысуынсыз, сырттай жарияланды. Саиф әл-Исламның өзін төрт жылдан бері Зинтан аймағындағы Ливияның орталық үкіметіне бағынбайтын көтерілісші топ ұстап отыр.

Триполи соты бұған қоса бұрынғы Каддафи билігі тұсындағы осыған ұқсас айып тағылған жеті офицерді, оның ішінде барлау қызметінің бұрынғы басшысы Абдулла әл-Сенуссиге және бұрынғы премьер-министр Бағдад әл-Махмудиді де өлім жазасына кесті.

Бұрынғы тағы сегіз шенеунік өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, басқа жеті шенеунік 12 жылға сотталды.

Женевадағы БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі кеңесі Ливия соты шығарған үкімдерге "қатты алаңдаулы" екенін мәлімдеді.

БҰҰ кеңесі мәлімдемесінде Ливия сотын қылмысқа нақты жауаптыларды анықтай алмады, айыпталушылар адвокат қызметін пайдалана алмады және сот айыпталушылардың қатысуынсыз өтті деді.

XS
SM
MD
LG