Accessibility links

Ресейде "Азаптауға қарсы комитет" жұмысын тоқтатады


"Азаптауға қарсы комитет" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Игорь Каляпин.

"Азаптауға қарсы комитет" үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Игорь Каляпин.

Ресейде "Азаптауға қарсы комитет" аймақаралық үкіметтік емес ұйымы (ҮЕҰ) келесі аптада қызметін тоқтататын болды. Бұл туралы Мәскеуде "Интерфакс" агенттігі кеңсесінде өткен жиында ұйым басшысы Игорь Каляпин мәлімдеді.

Оның сөзінше, ҮЕҰ қызметкерлері өткен жылы Орынборда құрылған "Азаптаудың алдын алу комитетінде" жұмыстарын жалғастырады. Каляпин таяуда ғана бұл ұйым мүшелері оны төрағалары етіп сайлағанын айтты.

"Азаптауға қарсы комитетті" 2000 жылы Нижегород құқық қорғаушылары құрған. Ресейдегі жұмысынан өзге ұйым қызметкерлері ресейліктер мүддесін Еуропадағы адам құқықтары жөніндегі сотта қорғаған.

Өткен аптада "Азаптауға қарсы комитет" мүшелерінің көпшілігі ҮЕҰ "шетел агенті" деп танылған ұйымдар тізіміне кіргендіктен ұйымды жабуға ұсыныс жасаған. Каляпин бұған қоса жақын күндері әділет министрлігіне ұйымды жабу туралы өтініш беретінін де хабарлады.

3 маусымда бір топ адам ұйымның Грозныйдағы кеңсесін талқандаған. 2014 жылы желтоқсанда Грозныйда митингіге шыққандар құқық қорғаушыларды террористерге жірдемдесті деп айыптап, ұйым кеңсесін өртеген.

XS
SM
MD
LG