Accessibility links

Оңтүстік Корея: MERS вирусынан арылдық


Сеулдегі метроны MERS вирусынан зарарсыздандыру шаралары. Оңтүстік Корея, 9 маусым 2015 жыл.

Сеулдегі метроны MERS вирусынан зарарсыздандыру шаралары. Оңтүстік Корея, 9 маусым 2015 жыл.

Оңтүстік Корея билігі 28 шілдеде елде 36 адамның өліміне себеп болған "Таяу Шығыс респираторлық синдромы" (немесе MERS) вирусының толық жойылғанын хабарлады. MERS жұқтырды деген күдікті соңғы науқас 27 шілдеде карантиннен шығарылған және соңғы 23 күннен бері елде вирус жұқтырған бір де бір оқиға тіркеллмеген.

"Түрлі жағдайларды ескере келе дәрігерлер мен үкімет халық MERS-тен қорықпай өмір сүруіне болады деген ұйғарым жасап отыр. Халықты енді қалыпты өмірге қайта оралуға, оның ішінде экономикалық, мәдени белсенділікке шақырамын" деді премьер-министр Хван Ке-Ан.

Оңтүстік Кореяда MERS вирусы тарала бастаған мамыр айынан кейін мектептер жабылып, ата-аналар балаларын үйде ұстай бастаған. Мамырдан бері 186 адам осы вирус жұқтырып, 35 адам көз жұмған.

Індет ел экономикасына, оның ішінде туризм саласына ерекше әсер еткен.

XS
SM
MD
LG