Accessibility links

ЕҚЫҰ Донбаста бақылаушылары қауіпсіздігіне алаңдайды


Донецк қаласынан сепаратистердің ауыр қару-жарағын әкетуін бақылап жүрген ЕҚЫҰ бақылаушылары. Украина, 19 шілде 2015 жыл.

Донецк қаласынан сепаратистердің ауыр қару-жарағын әкетуін бақылап жүрген ЕҚЫҰ бақылаушылары. Украина, 19 шілде 2015 жыл.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Украина шығысында бір бақылаушысы жараланғаннан кейін қақтығысушы украин әскері мен ресейшіл сепаратистерден бақылаушыларына қауіпсіз жағдай жасауды сұрады.

ЕҚЫҰ басшысының орынбасары Александр Хуг 28 шілдеде "Екі тарап та біздің қақтығыс аймағында жүретінімізді біледі, соған қарамастан бақылаушыларымыз қанша уақыт оқтың астында жүруге мәжбүр болды" деп мәлімдеді.

ЕҚЫҰ миссиясы 27 шілденің 27-сі күні стратегиялық Мариуполь портына жақын Широкино қаласы маңында бақылаушылар басшысы отырған көлік мина жарықшағы тиіп, зақымданғанын хабарлады.

ЕҚЫҰ бақылаушылары аймақта Минскіде ақпан айында жасалған Донбастағы қақтығысты тоқтату туралы келісім талаптарының орындалуына мониторинг жасайды.

XS
SM
MD
LG