Accessibility links

Обама: Африка елдері басшылары билікте ұзақ отырмағаны жөн


АҚШ президенті Барак Обама. Аддис-Абеба, Эфиопия, 27 шілде 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама. Аддис-Абеба, Эфиопия, 27 шілде 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама Африка мемлекеттері басшыларын конституцияларында белгіленген мерзімнен артық отырмауға шақырды. Бүгін Эфиопия астанасы Аддис-Абебада сөйлеген Обама Африкада президенттер билікте конституцияда белгіленген мерзімнен көп отырса демократияға қауіп төнетінін айтты. Ол сөзіне таяуда президенті үшінші мерзімге президенттікке түспек болып, қақтығыс шыққан Бурундиді мысалға келтірді.

"Басшы орта жолда қызметін сақтап қалу үшін ережені өзгертуге ұмтылса тұрақсыздық пен жанжалға тап болады. Мұны біз Бурундиден көріп отырмыз" деді Африка одағы елдері басшыларының алдында сөйлеген Обама.

Шілдеде өткен сайлауда Бурунди президенті Пьерре Нкурунзиза үшінші мерзімге президент болып сайланған. Қарсылыққа қарамастан өткен сайлауға оппозиция байкот жариялап, батыс елдері заңсыз деп таныған. 2005 жылы қабылданған конституция бойынша Бурундиде президент тек екі мерзімге ғана сайлана алады.

XS
SM
MD
LG