Accessibility links

НАТО Түркияның ИМ-мен күресін қолдайды


НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде өткен жиында сөйлеп тұр. 28 шілде 2015 жыл.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг Брюссельде өткен жиында сөйлеп тұр. 28 шілде 2015 жыл.

НАТО Түркияның "Ислам мемлекеті" (ИМ) экстремистік тобына қарсы күресін толық қолдайтынын мәлімдеді.

НАТО бас хатшысы Йенс Столтенберг сейсенбі күні Брюссельде өткен шұғыл жиында Анкараға қосымша күш керек еместігін, Түркия Солтүстік Атлантикалық альянста әскер саны бойынша екінші орында тұрғанын айтты.

Жабық есік жағдайында өткен кездесуде НАТО Түркияны күрдтермен бейбіт келіссөз жүргізуге шақырды.

Түркия билігі өткен аптада елде жүргізген арнайы шара барысында ондаған күрд белсенділерін тұтқындап, көршілес елдердегі ИМ тобы мен Күрд жұмысшы партиясының позицияларына әуеден шабуыл жасаған.

XS
SM
MD
LG