Accessibility links

ТЖК: Талғар өзенінде сел қаупі бар


Талғар өзені бойындағы сел салдары. Алматы, облысы, 18 шілде 2014 жыл. (Оксана Мусинадан алынған сурет)

Талғар өзені бойындағы сел салдары. Алматы, облысы, 18 шілде 2014 жыл. (Оксана Мусинадан алынған сурет)

Алматы облысындағы Талғар өзенінде сел жүру қаупі бар деп ескертеді Қазақстан ішкі істер министрлігінің төтенше жағдайлар комитеті (ТЖК).

ТЖК баспасөз қызметінің хабарауынша, Екіаша елді мекені тұсындағы Басқан өзенінде судың шекті шығыны секундына 75,4 текше метр болса, қазіргі уақытта ол секундына 40,8 текше метрді құрап отыр, Қорғас өзені суының шекті шығыны секундына 260 текше метр болса, қазір секундына 30 текше метр екені тіркелген. Ал Талғар өзені суының шекті шығыны секундына 45 текше метр болса, қазір секундына 29,0 текше метр болып отырғаны айтылған.

«Қазгидромет» мекемесінің мәліметі бойынша, шілденің 28-30 аралығында Алматы облысының жекелеген таулы өзендерінде жаңбырдың әсерінен тасқын қалыптасуы ықтимал. Сонымен бірге осы аймақтағы таулы жерлерде сел қаупі бары хабарланды.

XS
SM
MD
LG