Accessibility links

Ақорда алдына балаларымен шыққан әйелді полиция ұстады


Жеңісгүл Ермұхамет сегіз баласын ертіп Ақорданың алдында келді. Астана, 29 шілде 2015 жыл.
Жеңісгүл Ермұхамет сегіз баласын ертіп Ақорданың алдында келді. Астана, 29 шілде 2015 жыл.

Астана қаласында тұратын Жеңісгүл Ермұхамет есімді оралман әйел биліктен жәрдем сұрап Ақорданың алдына шықты деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Үшінші топтағы мүгедек Жеңісгүл Ермұхамет отбасында сегіз бала барын, күйеуінің екінші топтағы мүгедек екенін, 2004 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қоныс аударған оралман отбасы былтыр Астанаға көшіп, осы кезге дейін 35 мың теңгеге баспана жалдап тұрып келгенін айтады.

«Жақында сол үйді сүріп тастады, енді барар жерім жоқ, жағдайымды елбасыға айту үшін келдім» деді әйел.

Сегіз баласымен бірге Ақорданың алдына келген Жеңісгүлге қалалық прокуратура мен қала әкімдігінен келген өкілдер «әкімдікке барып сөйлесуге» шақырған. Бірақ, өзін президент Назарбаевқа жолықтыруды талап еткен әйел әкімдікке барудан бас тартқан. Бұдан соң полицейлер әйелді балаларымен бірге көлікке күштеп отырғызып, Ақорданың алдынан алып кеткен.

XS
SM
MD
LG