Accessibility links

Астана полициясы Азаттық тілшісін ұстап әкеткен


Азаттық тілшісі Руслан Ботайұлы.

Азаттық тілшісі Руслан Ботайұлы.

Астанада бүгін Ақорда алдына президент Нұрсұлтан Назарбаевпен жолықтыруды талап етіп барған көпбалалы оралман әйел туралы оқиға орнынан хабар дайындап жүрген Азаттық тілшісі Руслан Ботайұлының журналистік құралдарын тартып алып, өзін күштеп алып кеткен.

– Полиция өкілдері мен видеоға түсіріп тұрған мобильдік телефонды қолымнан тартып алды, штативті сындырды. Өзімнің қолымнан бұрып, көлікке мәжбүрлеп отырғызды, - деді Руслан Ботайұлы.

Көлікке салып, Ақорданың алдынан алып кеткен соң, біршама уақыттан кейін, полиция өкілдері журналистің заттарын өзіне қайтарған.

Бүгін таңертең Астана тұрғыны Жеңісгүл Ермұхамет есімді оралман әйел биліктен жәрдем сұрап Ақордаға барған еді. Жеңісгүл Ермұхаметтің айтуынша, сегіз бала тәрибелеп отырған ерлі-зайыпты мүгедектер отбасы 2004 жылы Қытайдан Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданына қоныс аударған. Былтыр Астанаға көшіп келіп, жалдап тұрып жатқан баспананы жақында жергілікті билік сүріп тастаған соң қиын жағдайда қалғанын айтып, президентке мұңын жеткізу үшін Ақордаға келген.

Полицейлер оралман әйелді сегіз баласымен және Азаттық тілшісі Руслан Ботайұлын көлікке күштеп отырғызып, Ақорданың алдынан алып кеткен.

XS
SM
MD
LG