Accessibility links

Қазғарыш: «Қазсат» жобасы құны - 40 миллиард теңге


Қазақстанның «ҚазСат-3» спутнигін тиеген «Протон-М» зымыраны Байқоңырдағы ұшу алаңында тұр. Сәуір, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Қазақстанның «ҚазСат-3» спутнигін тиеген «Протон-М» зымыраны Байқоңырдағы ұшу алаңында тұр. Сәуір, 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

«Қазсат» жобасының құны – 40 миллиард теңге. Бұл туралы бүгін Қазақстан ұлттық ғарыш комитеті төрағасының орынбасары Еркін Шаймағамбетов Алматыда өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді. Бұл сомаға мамандарды оқыту құны да кіреді.

Қазақстан 2006 жылы «ҚазСат-1», 2011 жылы – «ҚазСат-2» спутнигін ұшырған. Қызмет ету мерзімі он жылға жарамды деп хабарланған «ҚазСат-1» жасанды жер серігі екі жылдан кейін істен шығып қалған еді.

2014 жылы сәуірде Қазақстан ғарышқа «ҚазСат-3» спутнигін ұшырған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG