Accessibility links

Алматы әуежайы маңындағы қоймада өрт болған


Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)

Алматы халықаралық әуежайы. (Көрнекі сурет)

Алматының Түрксіб ауданы аумағында халықаралық әуежай маңындағы қоймалардан өрт шықты деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі.

Ақпаратта өрт Ахметов көшесі маңында орналасқан нысандарда шыққаны туралы айтылған.

Өрт резіңкеден жасалған техникалық бұйымдар және май сақтайтын қоймада шыққан деп хабарланды. Бүгін таңертең тұтанған өрт көлемі 150 шаршы метрдей жерді қамтыған. Өрт сағат 12-ден бес минут кеткенде өшірілген. Өрттің неден шыққанын қазір анықтап жатыр. Өрттен зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

XS
SM
MD
LG