Accessibility links

Пәкістанда су тасқынынан 81 адам мерт болды


Хайбер пахтунхва провинциясындағы су басқан Чарсадад ауданы. Пәкістан, 23 шілде 2015 жыл.
Хайбер пахтунхва провинциясындағы су басқан Чарсадад ауданы. Пәкістан, 23 шілде 2015 жыл.

Пәкістанда апталап жауған нөсер жауын мен су тасқынынан 81 адам қаза тауып, мыңдаған адам баспанасынан айырылды.

Ұлттық төтенше жағдайлар қызметі өкілі Ахмед Камалдың айтуынша, шілденің ортасында басталған нөсер жауын елдің солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі аймаққа үлкен зардап келтіріп, 1900-ден астам үйге зардап келтірді. Ондаған адам жараланды.

Елдің солтүстік-батысындағы Хайбер Пахтунхва провинциясында 39 адам, Кашмирдің Пәкістанға қарасты бөлігінде 19 адам, орталық Пенжаб провинциясында11 адам, Белужистан провинциясында 8 адам және Гилгит Балтистан провинциясында 5 адам мерт болған. 172 мың адам қауіпсіз аймаққа эвакуацияланған.

Нөсер жауын бұған қоса бірқатар инфрақұрылым нысандарын қиратып, ондаған жол тораптары мен көпірлерді шайған, оңтүстіктегі Пенжаб провинциясында 375 елді мекенді су басқан.

Пәкістанның оңтүстігіндегі Синдх, Пенжаб және Хайбер Пахтунхва провинциялары мен Кашмир аймағында синоптиктер тағы да нөсер жауын жауады деп болжайды.

Пәкістанда жыл сайын маусымнан қазан айына дейін созылатын жаңбырлы мезгілде су тасқыны болады. Соңғы жылдары Пәкістанда қатаң ауа-райынан жүздеген адам мерт болып, ауыл шаруашылығына жарамды жерлерінің көпшілігін су шайып кетті.

XS
SM
MD
LG