Accessibility links

Алматы метрополитенінің бұрынғы басшысы қамалды


Алматы метросының "Мәскеу" бекеті. (Көрнекі сурет).

Алматы метросының "Мәскеу" бекеті. (Көрнекі сурет).

Алматы метрополитетінің бұрынғы басшысы Мұрат Өкшебаев "сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иеленді" деген күдікпен екі айға қамалды деп хабарлайды жергілікті агенттіктер.

Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, Өкшебаевты қамау туралы шешімді Медеу аудандық соты 17 шілдеде шығарған. Оған қылмыстық кодекстің 176 бабының 4 бөлімі бойынша ("сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иеленiп алу немесе ысырап ету") айып тағылған.

Бұған қоса сот оның төрт пәтері мен бір жер теліміне арест салған.

XS
SM
MD
LG