Accessibility links

Түркия ұшақтары күрдтер лагеріне шабуылдады


Түркияның F-16 әскери жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет).
Түркияның F-16 әскери жойғыш ұшағы. (Көрнекі сурет).

Түркия әскери-әуе күштерінің жойғыш ұшақтары елдің оңтүстік-шығысында Түркияда тыйым салынған Күрд жұмысшы партиясы көтерілісшілерінің нысандарына соққы берді.

Түркия қарулы күштері бас штабының мәлімдеуінше, күрд көтерілісшілерінің адам аяғы жетуі қиын таулы аудандардағы бірнеше лагері жойылған. Бұған қарымта ретінде Күрд жұмысшы партиясы жасақтары Диярбакыр мен Муш қаласын жалғайтын жол бойындағы екі көпірді жарып жіберген.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның айтуынша, күрдтер мәселесін "бейбіт жолмен шешу" процесінің жалғасуы қиын. Ол үкімет "күрд сепаратистерін қолдайтындармен диалог орната алмайтынын" айтады.

XS
SM
MD
LG