Accessibility links

Ресей Орталық банкі валюта сатып алуды тоқтатты


Валюта айырбастау пункі жанынан өтіп бара жатқан адам. Мәскеу, 28 шілде 2015 жыл.

Валюта айырбастау пункі жанынан өтіп бара жатқан адам. Мәскеу, 28 шілде 2015 жыл.

Ресей Орталық банкі бүгін валюта сатып алу есебінен халықаралық резервтерін толықтыруды тоқтатты. Банк бұған "ішкі валюта нарығындағы құбылмалы жағдай" себеп дейді.

Кеше Мәскеу қор биржасында АҚШ доллары бағасы төрт айдан бері бірінші рет 60 рубльден, еуро бағасы 66 рубль 62 тиыннан асқан. Биржа сарапшыларының пікірніше, рубльдің әлсіреуі әлемде мұнай бағасының арзандауымен байланысты.

Орталық банк мамыр айынан бері ай сайын елдің алтын-валюта қорын толықтыру үшін 200 миллион АҚШ долларын сатып алып келген. Валюта сатып алудың қанша мерзімге тоқтатылғаны айтылмайды.

XS
SM
MD
LG