Accessibility links

Ауған үкіметі: Мулла Омар 2013 жылы өлген


"Талибанның" 2013 жылы қаза тапқан деп жарияланған басшысы Мулла Мохаммад Омар.

"Талибанның" 2013 жылы қаза тапқан деп жарияланған басшысы Мулла Мохаммад Омар.

Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің шенеунігі Азаттықтың Ауған қызметіне үкіметтің "Талибан" жетекшісі Мулла Мохаммад Омардың 2013 жылы өлгенін растағанын айтты. Аты-жөнін атамаған шенеунік Молла Омардың өліміне қатысты басқа ақпарат бермеді.

Бірақ Ауғанстанның Channel One TV телеарнасының үкіметтегі дереккөзіне сілтеме жасап хабарлауынша, Мулла Омардың көз жұмғаны туралы хабарды Ауғанстан үкіметіне Пәкістан тарабы берген және ол кісі қолынан қаза тапқан.

Бұған дейін Мулла Омардың қаза тапқаны жайлы көптеген ақпарат болған. Бірақ Ауғанстан билігі бұл хабарды бірінші рет растап отыр.

"Талибанның" баспасөз қызметі Молла Омардың өлгені жайлы ақпаратты терістеді.

Бірақ "Талибаннан" бөлініп шыққан, Кабулмен бейбіт келіссөзге қарсы "Фидай Махаз" тобы өткен аптада Молла Омардың көз жұмғанын және оның орынбасары Мулла Ахтар Мохаммад Мансурдың "Талибан" жетекшісі болғанын хабарлаған.

Шілденің 15-інде "Талибан" ресми вебсайтында Мулла Омардың атынан Пәкістандағы "Талибан" мен ауған үкіметі арасындағы келіссөзді қолдайтыны туралы мәлімдеме жариялаған.

XS
SM
MD
LG