Accessibility links

Алматыға көмекке ұлттық гвардияның 276 қызметкері келді


Алматыға көмекке келе жатқан Ұлттық гвардия қызметкерлері мінген көлік. 29 шілде 2015 жыл.

Алматыға көмекке келе жатқан Ұлттық гвардия қызметкерлері мінген көлік. 29 шілде 2015 жыл.

Алматыда селден кейінгі қалпына келтіру жұмыстарына Қарағандыдан ішкі істер министрлігі ұлттық гвардиясының 146 қызметкері келді деп хабарлайды министрліктің төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Комитет бұған қоса кеше қалаға Алматы облысынан ұлттық гвардияның 130 қызметкері барғанын, ал жалпы қалпына келтіру жұмыстарына 2 мың 200-ден астам адам жұмылдырылғанын айтады.

Алматыда 23 шілде күні түнде болған селден үш ауданнан 450-ден астам үй зардап шеккен. Селден соң бірнеше адам ауруханаға түскен. Қалада төтенше жағдай жарияланған.

XS
SM
MD
LG