Accessibility links

Нидерланд Ресейден MH17 трибуналын қолдауды сұрады


Нидерланд премьер-министрі Марк Рутте (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.
Нидерланд премьер-министрі Марк Рутте (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин.

Нидерланд премьер-министрі Марк Рутте бүгін Ресей президенті Владимир Путиннен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2014 жылы Украина шығысында құлаған малайзиялық ұшақ апатын тексеретін халықаралық трибунал құру қарарына вето қоймауға шақырды.

Руттенің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Марк Рутте 29 шілде күні кештеу Нью-Йоркте БҰҰ қарарына дауыс беру өтердің қарсаңында Путинмен телефонмен сөйлесіп, оны трибунал құруды қолдауға шақырған.

2014 жылы 17 шілдеде Донецк облысы аумағында Malaysian Airlines компаниясының MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурге ұшып шыққан Boeing 777 ұшағы құлап, 298 адам қаза тапқан. Малайзия, Нидерланд, Австралия, Украина мен Бельгия бұған дейін БҰҰ-ға апатын тергейтін трибунал құруды ұсынған. Малайзия Қауіпсіздік кеңесіне трибунал құруға қатысты қарар жобасын дайындап, бүгін оған кеңес мүшелері дауыс береді.

Бұған дейін Ресей мұндай қарар құрылуына қарсылық танытқан.

Кремльдің бүгін мәлімдеуінше, Путин Марк Руттеге өзінің қарар құруға қарсы ұстанымын өзгертпейтінін білдірген.

XS
SM
MD
LG