Accessibility links

Надежда Савченконың соты басталады


Надежда Савченко Мәскеудің Басман сотында. 6 мамыр 2015 жыл.

Надежда Савченко Мәскеудің Басман сотында. 6 мамыр 2015 жыл.

Ресей тергеу орындары ресейлік екі журналистің қазасына қатысы бар және шекарадан заңсыз өткен деген айыптар таққаны украиналық ұшқыш Надежда Савченконың ісі бойынша бүгін сот тыңдауы басталады. Сот процесі Ресейдің Украинамен шекаралас Ростов облысында өтеді.

Савченко осы айдын басында Мәскеудегі тергеу абақтысынан Ростов облысы Шахта қаласындағы түрмеге ауыстырылған. Ресей билігі «Савченко Ростов облысындағы шекараны бұзып өткендіктен сот та осы аймақта өтуі керек» деген шешім шығарған.

Надежда Савченко өзіне тағылған айыптардың ешқайсысын мойындамайтынын мәлімдеген. Сот процесі жабық есік жағдайында өтеді деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG