Accessibility links

Чемпиондар лигасы: «Астана» мен ХИК тең түсті


«Астана» командасы ойындарынан көрініс. (Көрнекі сурет)
«Астана» командасы ойындарынан көрініс. (Көрнекі сурет)

«Астана» командасы футболдан чемпиондар лигасы үшінші іріктеу кезеңінде финляндиялық ХИК клубымен кездесті. Шілденің 29-ы күні Хельсинкиде өткен алғашқы ойын 0:0 есебімен аяқталды.

Қарымта матч енді тамыздың 5-і күні Астана алаңында өтеді. Бұл матчта жеңіске жеткен команда чемпиондар лигасы іріктеу жарысының плей-офф кезеңіне шығады.

Плей-офф кезеңінен басым ұпай жиған команда топтық кезеңге жолдама алады. Жеңілген команда Еуропа лигасының топтық кезеңіне өтеді.

XS
SM
MD
LG