Accessibility links

АҚШ ұлттық баспасөз клубы Хадиджа Исмаилованы марапаттады


Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмаилова.
Әзербайжандық журналист Хадиджа Исмаилова.

АҚШ ұлттық баспасөз клубы Азаттықтың Әзербайжан қызметінің журналисі Хадиджа Исмаилованы сөз бостандығы саласындағы арнайы сыйлықпен мараппаттады.

Сыйлықты Хадиджа Исмаилованың атынан Азат Еуропа – Азаттық радиокорпорациясының бас редакторы Ненад Пейч алды.

«Бұл оның өжеттілігі мен батылдығына берілген сыйлық. Бұл сыйлық оның бостандыққа шығуын талап етудің белгісі» деді Пейч.

Көптеген халықаралық ұйымдар Бакудің тергеу абақтысында 230 күннен астам уақыт қамауда отырған Хадиджа Исмаилованың тұтқындалуына Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевтің тікелей қатысы бар деп санайды.

Журналист Хадиджа Исмаилова Әзербайжан жоғарғы билігіндегі коррупция туралы материалдар дайындаған еді.

АҚШ ұлттық баспасөз клубының сыйлығы бұның алдында биыл Сирияда түрмеде отырған журналист Остин Тайс және Washington Post басылымының Тегерандағы тілшісі, қазір Иранда қамауда отырған Джейсон Резаянға берілген.

XS
SM
MD
LG