Accessibility links

ҰҚК: ШҚО терроризмге қатысы бар адам ұсталды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы.

Шығыс Қазақстан облысы Зырян қаласында «терроризмды насихаттады» деген күдікпен бір адам ұсталғаны хабарланды.

Қазақстан ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметі бойынша, ұсталған әйел жергілікті тұрғындарды «халықаралық терроризм ұйымдарына қосылуға шақырып, насихат жүргізген». Комитет хабарламада күдіктінің нақты қандай ұйымға қосылуға шақырғаны айтылмаған.

ҰҚК ұсталған тұрғынның үйінен тыйым салынған діни әдебиеттер, аудио, видео материалдар табылғанын хабарлаған.

Ұсталған күдіктіге қарсы қылмыстық кодекстің «терроризмді насихаттау», «террорлық топтың жұмысына араласу» деген баптары бойынша айыптар тағылған.

XS
SM
MD
LG