Accessibility links

Тумен қоқыс шығарғандарға айыппұл салынды


Қоқыс жәшігі. (Көрнекі сурет)

Қоқыс жәшігі. (Көрнекі сурет)

Шымкент қаласының әл-Фараби аудандық соты мемлекеттік тумен қоқыс шығарған екі адамды әкімшілік жазаға тартқан.

Сот ол екеуіне 100 айлық есептік көрсеткіш, яғни 198 200 теңге (1000 АҚШ долларынан астам) мөлшерде айыппұл салған.

Маусым айында Шымкентте коммуналдық кәсіпорын жұмысшылары Қазақстанның туына қоқыс салып шығарған суреті әлеуметтік желіде тараған еді. Кейін әлгі адамдар анықталып, олардың үстінен әкімшілік іс қозғалған.

XS
SM
MD
LG