Accessibility links

ЕАЭО-дан тыс елдерге жанармай сатуға тыйым салынды


Жанармай бекетінде тұрған көліктер. (Көрнекі сурет).

Жанармай бекетінде тұрған көліктер. (Көрнекі сурет).

Қазақстан Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше елдерден өзге мемлекеттерге жанармай экспорттауға жырты жылға тыйым салды. Энергетика министрінің 26 шілдеде шығарған бұйрығы бүгіннен бастап күшіне енді.

Бұйрық бойынша, тыйым "ішкі нарықта мұнай өнімдері тапшылығы мен бағасының өсуіне жол бермеу үшін" енгізілген. Министрлік бензин, керосин, дизель отыны мен басқа да мұнай өнімдерін экспорттауға тыйым салған.

ЕАЭО-ға Қазақстан, Ресей, Беларусь және Армения мүше. Жақын айларда одаққа Қырғызстан да қосылмақ.

XS
SM
MD
LG