Accessibility links

СҚО билігі "сүт төгу" туралы хабарды жоққа шығарды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

Солтүстік Қазақстан облыстық билік орындары осы аймақта фермерлердің сауылған сиыр сүтін далаға төккені туралы ақпараттың «шындыққа жанаспайтындығын» айтады. Бұл туралы Азаттыққа бүгін облыстық ауылшаруашылығы басқармасының бастығы Қайрат Омаров хабарлады.

«Петропавл қаласында, сол сияқты Көкшетау қаласында арнайы сүт қабылдайтын орындарымыз бар. Сондықтан бізде ешқандай сүт төгілмейді» деді шенеунік.

Бұған дейін жергілікті баспасөз құралдары шілденің 28-і күні Алматыда журналистермен кездескен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының жетекшісі Абылай Мырзахметовтің «сүт зауыттарына Ресейден сүт ұнтағын (порошок) сатып алу тиімді болғандықтан солтүстік Қазақстанда фермерлер сауған сүттерін ұраға төгуге мәжбүр» деп мәлімдегенін хабарлаған.

«Атамекен» палатасы сарапшысы Ғалия Марат Азаттыққа «сүт төгу» оқиғалары Қазақстанда бір емес, бірнеше мәрте кездескенін айтты.

  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG