Accessibility links

ХВҚ Киев реформаларына оң баға берді


Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристин Лагард.

Халықаралық валюта қорының атқарушы директоры Кристин Лагард.

Халықаралық валюта қорының (ХВҚ) атқарушы директоры Кристин Лагард Киевтің реформалар жүргізудегі іс-қимылдарына оң баға берген мәлімдеме жасады. Оның сөзінше, украин үкіметі жүргізіп жатқан қаржылық реформалары мен коррупциямен күрес шаралары ел экономикасын өзгерте алады.

"Украинадағы қазіргі жағдайдан көп үміт күтуге болады. Біз Украинаның келбетін өзгертуге деген саяси батылдықты көріп тұрмыз" деді Лагард баспасөз жиынында. Оның сөзінше, реформалар елдің шығысында үкімет әскерінің Ресей қолдайтын сепаратистермен соғысып жатқанына қарамастан жүргізіліп жатыр.

Лагард бұған қоса Украина билігі реформаларды "барлық жақтан қауіп төніп тұрған кезеңде асқан саяси қырағылықпен" жүргізіп жатқанын айтты. ХВҚ басшысы Киевтің Украинаның қарызын қайта құрылымдауда біраз жетістікке жеткенін де білдірді.

Киев бұған дейін жыл соңына дейін 3,2 милилард АҚШ доллары, оның ішінде Дүниежүзілік банктен 1 миллиард, Еуропа комиссиясынан 600 миллион доллар көлемінде халықаралық көмек алатынын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG