Accessibility links

Қызылорда облысында ұсақ мал қырыла бастаған


Қызылорда облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының аумақтық картасы. (Көрнекі сурет).

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ұсақ мал жаппай өле бастады деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаменті.

Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше, ауданның Ақұйық елді мекені мен бірнеше шаруа қожалығында кемінде 900 бас қой-ешкі қырылған. Облыстық ветеринарлық қызмет өлген малдың қаны мен ішкі органдарына сараптама жасап жатыр. Департамент алдын-ала мәлімет бойынша, мал жұқпалы аурудан, оның ішінде пастереллез және энтеротоксомиядан қырылған.

Жаңақорған ауданында 20 шілдеде төтенше жағдай жарияланған.

Ал жергілікті агенттіктің облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығы Бақыт Жақановқа сілтеме жасап хабарлауынша, бес шаруа қожалығында жалпы саны 9 мыңнан астам ұсақ мал, мыңнан астам қой қырылған. Қырылған ұсақ малдың дені - жас төлдер.

XS
SM
MD
LG