Accessibility links

Пәкістан Мулла Омар өлімін растап, я терістемеді


"талибан" жетекшісі Мулла Мохаммад Омар.

"талибан" жетекшісі Мулла Мохаммад Омар.

Пәкістан "Талибан" жетекшісі Мулла Мохаммад Омардың өлгенін растап, я жоққа шығармады. Бұл жайында бүгін Исламабадта өткен баспасөз жиынында Пәкістан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Кази Халиулла мәлімдеді. Ол Пәкістан билігі Кабулдың Мулла Омардың 2013 жылы Пәкістан ауруханасында қайтыс болғаны туралы кешегі мәлімдемесін тексеріп жатқанын айтты.

Ауғанстан Ұлттық қауіпсіздік басқармасының дерегі бойынша, Мулла Омар Карачи қаласында ауруханада "белгісіз жағдайда" көз жұмған.

Кази Халиулла Пәкістанда ертең "Талибан" мен Ауғанстан билігі өкілдерінің арасында бейбіт келіссөз өтетініне қатысты түсінік бермеді. Ол тек "Ауғанстан мен Пәкістан дос көршілес мемлекеттер" екенін және Исламабадтың "Ауғанстанда бейбітшілік орнағанын қалайтынын" ғана айтты.

Бұған дейін "Талибан" өкілі Забиулла Муджахид Пәкістанда 31 шілдеде қозғалыс пен Ауғанстан билігі өкілдері арасында келіссөз өтетінін жоққа шығарған.

XS
SM
MD
LG