Accessibility links

Әзербайжанда оппозиция белсендісі сотталды


Әзербайжан Халықтық майдан партиясының мүшесі Асиф Юсуфли наразылық шеруі кезінде.
Әзербайжан Халықтық майдан партиясының мүшесі Асиф Юсуфли наразылық шеруі кезінде.

Әзербайжанда оппозициялық Халықтық майдан партиясының жоғары шенді өкілі, белсенді Асиф Юсуфли сотталды. Баку соты бүгін Асиф Юсуфлиді "алаяқтық жасады" және "жалған ақша жасаумен айналысты" деп айыптап, жеті жарым жылға соттады.

Осы іс бойынша Юсуфлимен бірдей айыппен сотқа тартылған Рафик Хусеинов 12 жарым жылға сотталды.

Өткен жылы қазан айында ұсталған Юсуфли айыбын мойындаудан бас тартып, қылмыстық істі өзінің "саяси және құқық қорғау қызметімен айналысқаны үшін" биліктің кек алуы деп атаған.

Халықаралық және әзербайжандық құқық қорғау ұйымдары, АҚШ пен Еуропа Одағы елдері үкіметі Әзербайжан билігінің соңғы жылдары оппозиционерлерді, құқық қорғаушылар мен журналистерді қудалауына қатты алаңдаушылық танытып келеді.

Баку "елде саяси тұтқын жоғын" айтып, айыптауларды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG