Accessibility links

Түркияда шабуылдан бес адам қаза тапты


Түркияның Инчирлик әскери базасы. (Көрнекі сурет).

Түркияның Инчирлик әскери базасы. (Көрнекі сурет).

Түркия билігі бүгін елдің оңтүстік-шығысында қауіпсіздік күштеріне жасалған шабуылдан бес адам қаза тапқанын хабарлады. Анкара шабуылды Күрд жұмысшы партиясынан көріп отыр.

Сирнак провинциясында Күрд жұмысшы партиясының бүлікшілері Түркия сарбаздарының көлігіне шабуылдап, үш сарбаз бен бір офицер қаза тапқан. Әскерилер шабуылға қарсы оқ атып, бір күрд бүлікшісін мерт еткенін айтады.

29 шілде күні кешке күрдтер көп тұратын Диярбакыр қаласының Синар ауданында шайханада болған атыстан бір түрік полициясы мен бейбіт тұрғын қаза тапқан еді.

Түркия әскери-әуе күштері өткен аптада Күрд жұмысшы партиясының Түркия мен Ирактағы нысандарына шабуылдап, 2013 жылы күрд көтерілісшілері мен Анкара арасында жасалған бейбіт келісім бұзылған.

Шілденің 30-ы күні Түркия мен Ирак ақпарат құралдары түркиялық жойғыш ұшақтар Ирактың солтүстігіндегі Дохук провинциясында Күрд жұмысшы партиясының үш нысанын жойғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG