Accessibility links

2022 жылы қысқы олимпиада өтетін қала бүгін анықталады


Алматы-2022 логотипі.
Алматы-2022 логотипі.

Бүгін Малайзия астанасы Куала-Лумпурда 2022 жылғы қысқы олимпиада өтетін қала белгілі болады.

Олимпиаданы өткізуге екі қала үміткер болып отыр - Қазақстан қаласы Алматы мен Қытай астанасы Пекин.

Олимпиада өткізетін қаланы жариялау рәсімі Астана уақыты бойынша 15:30-да басталады.

Қазақстан олимпиада өткізуге 4,5 миллиард доллар жұмсауды жоспарлап отыр.

Куала-Лумпурде бүгін сондай-ақ, 2020 жылы жасөспірімдер арасындағы қысқы олимпиада қай қалада өтетіні белгілі болады. Бұл жарысты өткізуге Лозанна (Швейцария) мен Брашов (Румыния) қалалары үміткер.

XS
SM
MD
LG