Accessibility links

2022 жылғы қысқы олимпиада Пекинде өтеді


Пекинде 2022 жылғы 26-қысқы олимпиада ойындарын өткізу баннері қасында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет).
Пекинде 2022 жылғы 26-қысқы олимпиада ойындарын өткізу баннері қасында тұрған адамдар. (Көрнекі сурет).

Пекин 2022 жылғы 26-қысқы олимпиада ойындарын өткізу құқығын жеңіп алды. Бұл туралы бүгін Куала-Лумпурде Халықаралық олимпиада комитетінің (ХОК) 128-сессиясында өткен дауыс беру қорытындысында хабарланды.

Пекинмен қатар олимпиаданы өткізуге Алматы да өтініш білдіріп, бәсекелес болған. Дауыс беруге қатысқан ХОК-тің 85 мүшесінің 44-і Пекиннің кандидатурасын, 40-ы Алматының кандидатурасын қолдап дауыс берген. Бір өкілі қалыс қалған.

Пекинде 26-қысқы олимпиада ойындары 2022 жылдың 4-20 ақпаны аралығында өтеді.

XS
SM
MD
LG