Accessibility links

Ресей Орталық банкі пайыздық мөлшерлемесін азайтты


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ресей Орталық банкі бүгін экономикалық ахуалдың нашарлауы инфляция қаупін жоғарылататынын айтып, 31 шілдеде негізгі пайыздық мөлшерлемесін 50 пункттен 11 пайызға дейін азайтты.

Банк мәлімдемесінде бұған қоса 2015 жылдың алғашқы жартысында Ресейдегі сұраныстың күтпеген жерден күрт азаюы өндіріс көлемін азайюына әсер етуі мүмкін екенін айтқан.

Банк бұған дейін 2015 жылы Ресейде жалпы ішкі өнім көлемі 3,2 пайызға азаяды деп болжаған.

Соңғы аптада Ресейде АҚШ долларының бағасы 60 рубльге жетіп, Ресейде инфляция болу қаупін күшейте түскен.

Бүгін Мәскеу қор биржасында ертеңгілік саудада бір АҚШ доллары бағасы 61 рубльге жетті.

XS
SM
MD
LG