Accessibility links

Нетаньяху: Үйді өртеу - террорлық акт


Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху.

Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяху еврей экстремистерінің үй өртеп, одан палестиналық баланың қаза табуын террорлық акт деп атады. Израиль полициясы бүгін Иордан өзенінің батыс жағалауындағы Дума елді мекенінде үйді қасақана ұлтшылдық сипатта еврей экстремистері өртеді деп болжайды.

Қауіпсіздік күштерінің ақпараты бойынша, өрт қойғандар үйдің сыртына "кек" деп жазып кетіп, көршілес елді мекенге бой тасалаған.

Нетаньяху "Израиль қылмыскерлердің кім екеніне қарамастан терроризммен қатаң күрес шараларын жасайтынын" және айыптыларды жауапқа тарту үшін барлық тетік қолданылатынын айтты.

Палестина билігі Тель-Авивті Батыс жағалауға еврей тұрғындарын қоныстандырып, оларды қорғау саясатын жүргізіп отыр деп айыптайды.

Батыс жағалауға қоныстануға қатысты шиеленіс күшейіп тұр. Еврей экстремистері Израиль жоғарғы сотының заңсыз салынды деп тапқан екі үйді сүруіне қарсы. үйлерді сүру 29 шілдеде басталған. Бірақ сол күні Нетаньяху оған жақын жерден 300-дей қоныстанушыға арналған үй құрылысын бастауға бұйрық берген.

XS
SM
MD
LG